
Халықпен сындарлы диалог құру және кең ақпараттық-ағарту іс-шараларын жүргізу арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанында ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу бойынша Республикалық және өңірлік штабтар құрылды.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 28 қарашасында Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық ақпараттық-ағарту штабы (бұдан әрі ААШ) (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) мүшелерінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу модераторы - Департамент басшысының орынбасары Д. Н. Мәулетов ААШ өкілдеріне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.С. Жұмабаевқа сөз берді.
Республикалық ААШ төрағасы Ырза Тұрсынзада және ААШ өкілі Бердалин Арман Тілектесұлы ақпараттық-ағартушылық штаб қандай мақсатпен құрылды, оның мақсаты мен міндеттері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірді.