Жарияланған күні: 23.05.2022 12:40
Өзгертілген күні: 23.05.2022 12:41

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алматы облысында кеңес өткізді

 

2022 жылдың 23 мамырында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік этика нормаларын және нормаларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзудың алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ануар Ерғалиұлы Қалиясовтың Қазынашылық департаменті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығымен кездесу өтті.

Мәжілісте қызметтік этика нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау бойынша түсініктемелер берілді.

ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясов сонымен қатар Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында болды.