Жарияланған күні: 28.03.2017 11:27
Өзгертілген күні: 28.03.2017 11:28

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығымен кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына,  «Ротацияға жататын мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 724 бұйрығына, сонымен қатар «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін және аталған бұйрық http://zan.gov.kz/ сайтында жарияланғанын хабарлайды.