
"Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 07 қазандағы № 526 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 19 қазаннан 2022 жылғы 19 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын автокөлікпен әкетуге тыйым салынады.
Осыған байланысты, өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне ықтимал жағымсыз пікірлерді болдырмау үшін азаматтарға жоғарыда көрсетілген бұйрықтың нормаларымен алдын ала танысу ұсынылады.