Жарияланған күні: 01.06.2021 11:39
Өзгертілген күні: 01.06.2021 11:36

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау

 

Салық кодексінің 96 бабының 2 тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:

      салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;

      салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомаларды аударған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы жоюы;

      2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

      Түсінікте:

      салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;

      түсінікті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;

      түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні;

      түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіздер және дәлелдемелер болып табылатын мән-жайлар көрсетілуге тиіс.

      Егер түсінікте түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіз ретінде дәлелдемелерді растау ретінде құжаттар көрсетілетін болса, онда салықтық есептіліктен басқа, түсінікте көрсетілген құжаттардың көшірмелері түсінікке міндетті түрде қоса беріледі.

      Түсінікті ұсыну арқылы хабарламаны орындау шеңберінде өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді.