Жарияланған күні: 19.01.2021 18:22
Өзгертілген күні: 19.01.2021 18:24

Ипотекалық несиелер бойынша салық жеңілдіктері

Жеке тұлғаның екінші деңгейлі банктерден (Отбасы банкінен басқа) алған несиесі бойынша сыйақы мөлшеріндегі салық шегерімдерін қолдануы 2025 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды.

Салық заңнамасына тиісті түзетулер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382-VI Заңымен енген.

Қазіргі уақытта жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде сыйақыға салықтық шегерім тек «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан («Отбасы банкі») алған несие бойынша қолданылады.