Жарияланған күні: 08.12.2020 16:57
Өзгертілген күні: 08.12.2020 17:04

Фискалды чекті фискалды емес чектен қалай ажыратуға болады?

 

 

Фискалды чек мынадай ақпаратты:

1) салық төлеушінің атауын;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

8) фискалдық белгіні;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

9) және 15) тармақшаларындағы кқрсетілген ақпарат деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

Яғни, егер сізге берілген чекте жоғарыда көрсетілген деректер болмаса, онда ол чек фискалды чек болып есептелмейді.