Жарияланған күні: 21.10.2020 17:37
Өзгертілген күні: 21.10.2020 17:38

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды уақытша сақтау мерзімі

 

 

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 181 бап  Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларға қатысты кедендік декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін не осы Кодексте белгіленген өзге мерзімде беріледі.

Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі және осы баптың 2-тармағында және осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, төрт айды құрайды. (172-бап.)

Комиссия тауарлардың жекелеген санаттары үшін уақытша сақтау мерзімін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кем айқындауға құқылы.

Халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерінде) сақталатын халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігімен өткізілетін жолаушы алмаған немесе талап етпеген жүкке қатысты уақытша сақтау мерзімі алты айды құрайды.

Тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталған соң шығару жүргізілмеген не оларға қатысты тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығарылуына кеден органының рұқсаты алынбаған тауарларды, егер шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыру жерлерінде сақталса, кеден органы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.

Егер кедендік декларацияны кеден органы уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тіркеген, бірақ кеден органы тауарларды уақытша сақтау мерзімі өткен соң тауарларды шығаруды жүргізбеген не тауарларды шығарудан бас тартпаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды кеден органы кідіртпейді. Тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, уақытша сақтау мерзімі өткен тауарларды кеден органы осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.