Жарияланған күні: 12.10.2020 13:22
Өзгертілген күні: 12.10.2020 13:23

"ESalyq" мобильді қосымшасындағы салық әмиянының қызметі артық төлемдерді басқаруға мүмкіндік береді.

 

ҚР ҚМ МКК салықтарды төлеу рәсімдерін жеңілдету және ыңғайлылығы үшін "салық әмияны" функционалы "Е-салық"бірыңғай қосымшасы әзірленді. Салық әмияны сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ пайдалана отырып немесе СМС код бойынша "Е-салық" қосымшасында тіркелу қажет, ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті. Сондай-ақ мобильді қосымшаға ЖСН/ пароль және жылдам қол жеткізу коды бойынша кіруді баптауға болады.

Жеке тұлғаның және жеке кәсіпкерлердің салық әмияны пайдаланушыларға соманы бір төлеммен бірыңғай деректемелерге есептеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ сервис бюджет алдындағы ағымдағы және болашақ міндеттемелер туралы ақпаратты жинақтайды, салық әмиянынан қаражатты есептен шығару туралы хабарлайды, сондай-ақ салық салынатын объектілерді түзетуге өтінім жіберуге болады.

Салық әмияны қызметі салықтөлеушіге оның бюджетпен ағымдағы және алдағы міндеттемелері туралы ақпарат береді. Салық әмиянынан ақша декларацияны, есеп айырысуларды, уәкілетті органдардың мәліметтерін ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде есептеледі.

Салық әмиянын толтыру келесі деректемелерге автоматты түрде жасалады:

Бенефициар атауы: «ҚМ ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті» ММ

 Бенефициар БСН-і: 141040004756

Бенефициар банк атауы: «ҚМ ҚР Қазынашылық комитеті» ММ

Банк БСК: KKMFKZ2A

Бенефициар шоты ЖСК: KZ24070105KSN0000000

БЖК: 107109 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсiмдері»

Салық әмиянын  «Қазақстан халық банкі» АҚ және Kaspi.kz қосымшасы арқылы толтыруға болады.

Салықтөлеушілерге деректемелерді толтырудың дұрыстығы және салық сомасын нақтылау туралы алаңдамаудың қажеті жоқ, барлық деректер  ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің е-salyg интеграцияланған базасынан автоматты түрде жүктеледі.

Салық әмияны функционалының е-salyg қосымшасы бойынша барлық ақпарат ҚР ММК және Алматы облысы бойынша МКД сайтында орналасқан.

 

Алматы облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімінің басшысы Д. Б. Сұрақбаева