Жарияланған күні: 03.12.2019 18:24
Өзгертілген күні: 03.12.2019 18:29

«Egov.kz» порталында виртуалды көмекші еңбек етеді

Салық төлеушілерді ақпараттандыру және халықпен кері байланыс тәсілдерін кеңейту мақсатында «Egov.kz» порталында (https://egov.kz/cms/ru) «Көлік құралдарына салық» мәселелері бойынша виртуалды көмекші іске қосылды, сонымен қатар ұқсас түсіндірме ақпараттарды «Telegram» (https://t.me/Kenes1414Bot), «Vkontakte»  (https://vk.com/egovkz), «Facebook» (https://www.facebook.com/egovkz) мессенджерлер арқылы алу мүмкіндік бар.

Виртуалды ассистентті "виртуалды ассистент" деген жазуы бар экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан жасыл қойындыға басу арқылы шақыруға болады.

"Kenes" виртуалды ассистенті келесі сұрақтарға жауап береді:

1.      Жеке тұлғалардың көлік салығы

2.      Есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну

3.      Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

4.      Салық бойынша берешекті қалай тексеруге болады?

5.      Бірыңғай жиынтық төлем

Сондай-ақ көптеген басқа да мәселелер жауап береді.

Құрметті салық төлеушілер Сіздерді виртуалды көмекшінің  қызметтерін пайдалануға шақырамыз.