
"Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды қайтаруды жүргізу
«Е-salyk Azamat» мобильді қосымшасының ішіндегі ең маңызды функцияларының бірі - «салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу немесе қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызметін алу болып табылады.
Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды қайтару үшін «e-salyk Azamat» мобильдік салық қосымшасын іске қосып, қосымшадағы «салық әмияны» бөлімін басып, жүйеге кіріңіз.
Келесі де «Артық төлемді пайдалану» бөліміне өтіп, салық әмиянында бюджеттік сыныптама кодына төленген қайтаруға жататын артық немесе қате төленген төлемнің бірін таңдаңыз.
Әрі қарай төлем алушының түрі «қайтару үшін» батырмасын таңдап, ашылған бетте қайтаруды жүргізу үшін банк шотының мәліметтерін енгізу кезінде міндетті жолдарды толтыру үшін созылмалы тізімнен қызметті алушының банкін таңдап, міндетті түрде жиырма таңбалы шот нөмірін қолымен енгізіңіз.
Егер қайтаруға жататын сома қате төленген болса, онда сіз қате төленген соманы растайтын құжатты тіркеңіз. Қате төлемді растайтын құжатты фотосуретке түсіріп немесе ұялы телефонда сақталған электронды түрін қосыңыз. Әрі қарай, «Жалғастыру» батырмасын басып, келесі де қайтаруға жататын соманың «қайдан» және «қайда» жүргізілетіні туралы ақпарат көрсетіледі. «Қайда» деректемесіндегі - қайтарылатын сома көлемін қолмен енгізіп, содан кейін «растау» батырмасын басыңыз. Бірден қосымшаның басты беті ашылып, қайтаруға берілген өтінішіңіздің сәтті жіберілгендігі туралы хабарлама көрсетіледі.
Сонымен қатар, «артық төлемдерді басқару» бөлімінің тарихында сіз жіберген салықтық өтініштерді қөруге болады.
Өтініш жүйеге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады, осыған байланысты есепке алу немесе қайтару үшін салықтық өтініштерді электронды түрде «E Salyk Азамат» мобильдік салық қосымшасы, салықтөлеуші кабинетінен және электрондық үкімет порталынан жолдауды сұраймыз.