Жарияланған күні: 14.11.2019 17:39
Өзгертілген күні: 14.11.2019 17:41

«Достық» кедені «Теміржол» кеден бекетінде 105 тоннадан астам тауар ұсталды

         2019 жылғы 1-12 қараша аралығында Алматы облысы бойынша МКД-нің "Достық" кеденінің "Теміржол" кеден бекетінің қызметкерлері Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп ҚХР-дан Беларусь Республикасына бағытталған контейнерлік пойыз құрамында жүретін 8 көлік құралдарына (контейнерлерге) кедендік тексеру жүргізді.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында кедендік бақылаудан жасырылған дұрыс мәлімделмеген тауарлардың ірі көлемді партиялары анықталды. 

        Бұл факт инспекциялық-тексеру кешенін бақылау және ҚР ҚМ МКК тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің ұсынымдары барысында анықталды

Кедендік тексеру нәтижесінде контейнерлерде "төсек-орын жабдықтары, жаңа жылдық және рождестволық тауарлар" (плед, төсек-орын жабдықтары, жапқыш, шырша, белбеу, стерилизатор) 2050 жүк орны табылған, жалпы салмағы 105 909 кг. Ұсталған тауарлардың кедендік құны 143 241 309 теңгені құрады. Төлеуге болжанған кедендік төлемдер мен салықтар сомасының мөлшері 43 389 220 теңгені құрады.

         Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады.

 

Алматы облысы бойынша МКД