Жарияланған күні: 18.02.2020 14:35
Өзгертілген күні: 18.02.2020 14:36

Департаментте аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен бейне конференц байланыс форматында кеңес өтті
2018 жылғы 11 ақпанда Алматы облысы бойынша МКД-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мәселелері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен бейне конференц байланыс форматында кеңес өтті.
Кеңесті Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д. Н. Мәулетов ашты.
Кеңеске мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Мұқатайқызы Бейсекулова қатысты, ол қатысушыларды мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпаратпен Алматы облысы бойынша МКД адам ресурстары Басқармасының қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Гүлнар Мырзаханқызы Дарменбекова сөз сөйледі.