Жарияланған күні: 25.03.2022 12:14
Өзгертілген күні: 25.03.2022 12:17

 

Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Вебинар

25.03.2022 ж. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ZOOM бағдарламасы арқылы жаңа редакцияда бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша вебинар өткізді.

Спикер: Алматы облысы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі Н. А. Баймулдинов

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жаза қолдану және қызметтік этика мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.