
Декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатын өткізу
фактісі анықталды
Алматы облысындағы "Қорғас" ШЫХО БӨП-де "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан ҚХР-на шығу кезінде әкімшілік ғимаратының залындағы Кедендік бақылау аймағында "Rapiscan" РТУ-ден өту кезінде, декларацияланбаған жалпы сомасы 10 438 185 теңгені құрайтын қолма-қол ақша қаражатын (10.06.2019 ж.жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ресми курсы 383 теңге 34 тиынды құрады, бұл 27 229,6 АҚШ долларын құрады) өткізген 1969 жылы туған ҚХР азаматын ұстады.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігі "Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген және жазбаша декларациялауға жататын қолма-қол шетел валютасын декларацияламау немесе дұрыс декларацияламау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.