Жарияланған күні: 04.07.2019 16:04
Өзгертілген күні: 04.07.2019 16:06

Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

 

Баспасөз релизі

Данияр Нұрланұлы Мәулетов Алматы облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

болып тағайындалды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2019 жылдың 02 шілдесіндегі №494-Ж бұйрығымен Данияр Нұрланұлы Мәулетов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Маулетов Данияр Нұрланұлы, 1980 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Алматы Менеджмент Университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылдың қараша айында Алматы қаласы ІІББ жедел қызмет басқармасының жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) бөлімнің аға инспекторы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 2018 жылдың желтоқсанынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің қарамағында болды.

 

 

Алматы облысы бойынша МКД