
Цифрлық майнинг үшін төлемдерді енгізу
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2021 жылғы 24 маусымдағы № 53-VII Заңымен, Салық кодексінің 69-тарауы «Алымдар» 11-тармақпен «Цифрлық майнинг үшін төлем» толықтырылады.
Цифрлық майнинг үшін алымдарды төлеушілер цифрлық майнингпен (криптовалютаны өндіру) айналысатын заңды және жеке тұлғалар болады.
Төлем объектісі – цифрлық майнинг (криптовалютаны өндіру) кезінде тұтынылатын электр энергиясының мөлшері.
Төлем сомасын төлемді төлеушілер цифрлық цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдеріне және белгіленген төлем ставкасына сүйене отырып есептейді.
Алым төлеушілер бюджетке алымның ағымдағы сомасын тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төлейді.
Төлеушілер өз қызметінің нәтижелері туралы, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті болып табылатын майнинг саласындағы уәкілетті органдарды хабардар етуі қажет.
Уәкілетті органды хабардар ету:
- қағаз жеткізгіште Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/14 мекен-жайы бойынша С2.4.
- немесе электронды түрде e-Otinish, Egov порталдары арқылы.
Сонымен қатар, барлық туындаған сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері Қуандықов Нұржан Қадырұлына 8 (7172) 70-99-46 телефоны, 8 701 550 13 33 уялы телефоны арқылы тікелей хабарласуға болады, сондай-ақ n .kuandykov @ kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша.
# майнинг
#салық
#налог