
Борышкерлер - автокөлік жүргізушілері - әкімшілік айыппұлдар мен салық берешегін төлеу бойынша бірлескен іс-шараларды жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы, Әкімшілік полиция басқармасы және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүзеге асыруда, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Іс-шаралар нәтижесінде қараша айымен салыстырғанда желтоқсан айында көлік құралдарына орташа салықтық түсімдер 38 миллионнан 61 миллион теңгеге дейін өсті. Сонымен бірге желтоқсан айында ЖСО-ның қатысуымен 5793 салық төлеуші 120 миллион теңге көлік салық қарыздар өндірілді.
Жалпы, 2020 жылдың 7 желтоқсанындағы жағдай бойынша Алматы облысының 107 399 автокөлік иелерінің көлік құралдары салығы бойынша берешегі шамамен 2,9 миллиард теңгені құрады.
Комитет бірлескен іс-шаралар барысында мемлекеттік кірістер органдарының мамандары салық төлеушілерге көлік құралдары салығы бойынша салықтық берешектің қалыптасуына қатысты тек түсініктемелер беретіндігін, сондай-ақ борышкерлерге салық рақымшылығын пайдаланып, негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығаруға болатындығын хабарлайды.
Көлік құралдары салығын төлемеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама жіберуге міндетті. Ал хабарлама орындалмаған жағдайда, Салық кодексінің 128-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаның қарызын өндіріп алу туралы салықтық бұйрық шығарады және оны «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқару органдарына жібереді.
Еске салайық, көлік құралдары салығын төлеушілер меншік құқығы негізінде салық салу объектілері бар тұлғалар болып табылады. Салық төлеуші көлік құралдары салығының сомасын өз бетінше есептейді. Бюджетке көлік құралдарына салық төлеу 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша есеп айырысу балансын анықтау үшін салық органдары автокөлік құралдарын есепке алу мен тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың автоматтандырылған режимде ұсынған мәліметтері негізінде салықтық есептеулер жүргізді.
Қарызды төлеу үшін салық төлеушіге жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.