Жарияланған күні: 08.07.2021 17:22
Өзгертілген күні: 08.07.2021 17:23

БКМ чегінде алушының ЖСН/БСН көрсету

Салық кодексінің 166-бабының 7-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Аталған түзету ЭШФ жазып берудің орнына сатып алушыға ҚҚС төлеуші болып табылмайтын ЖК-ға он-лайн БКМ чегін беруге мүмкіндік беру мақсатында көзделген.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап – ҚҚС төлемеушілер құны 1 000 АЕК жоғары мәмілелер бойынша ЭШФ жазып беруге міндетті және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы КТС мақсаттары үшін ЭШФ шығыстарын растайды (242-баптың 3-1-тармағы және 8-тармақшасының) ҚР СК 412-бабының 1-тармағы).

Бұл ретте бұрын мұндай шығыстар бухгалтерлік құжаттармен немесе салалық заңнамаға сәйкес ресімделетін құжаттармен (тауарларға арналған жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актілері, төлем құжаттары және т.б.) расталған.

Шағын бизнес субъектілері үшін қосымша ауыртпалықтарды болдырмау мақсатында:

-ҚҚС төлеуші болып табылмайтын ЖК үшін азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша 1 000 АЕК (2,9 млн. теңге) астам сомаға ЭШФ жазып берудің орнына сатып алушыға чекте алушының ЖСН / БСН көрсете отырып, БКМ он-лайн чегін ұсыну (Салық кодексінің 242-бабы);

- чектің құрамына сатып алушының ЖСН/БСН енгізу және сатып алушының талабы бойынша осындай чекті ұсыну бойынша (Салық кодексінің 166-бабы).

Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында 1000 АЕК-тен жоғары мәмілелер бойынша ЭШФ міндетті үзінді көшірме алынып тасталды.