Жарияланған күні: 26.03.2020 18:09
Өзгертілген күні: 26.03.2020 18:09

Біздің міндетіміз мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту!
 

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметті атқарушы тұлғаларға арналған қызметте және одан тыс, белгілі-бір мінез-құлық стандарттары бар. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.
Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.
Осыған байланысты, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде әріптестерімді келесі мәселелерге назар аударуларыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері, Активтердің түгелдігін қамтамасыз етуге және қызметтік міндеттерді атқару үшін сеніп тапсырылған, материалдық-техникалық ресурстарды (мүлік, көлік, жабдықтар, кеңсе заттары және т.с.) күтіп ұстауға талпынуымыз қажет.
Бізге сеніп жүктелген ресурстарды барынша ұтымды және тек Қызметтік мақсатта тиімділік пен үнемділік қағидаттарына сәйкес пайдалану қажет.
Біз мемлекет активтерін жеке мақсатта қолданбайтын боламыз және басқа тұлғаларға осындай іс-әрекеттерді жасауға мейілінше тосқауыл қоямыз.
Ал азаматтарды, Департаменттің материалдық құндылықтарын жеке мақсатта қолдану, Департамент автокөлігін мүгедектерге арналған тұрақта қалдыру, білім мекемелеріне балаларды Департамент автокөлігімен тасымалдау сынды және т.с.с. тәртіптік жауапкершілік белгіленген фактілерді байқаған жағдайда азаматтық ұстанымдарыңызды белсенді түрде білдіре отырып, жедел түрде хабарлауларыңызды сұраймын.

 

Алматы облысы бойынша МКД Әдеп жөніндеі уәкілі
Сауданбеков Айдын Тұрғанбекұлы
Тел: 8728-2 - 60-12-77