Жарияланған күні: 22.01.2016 09:34
Өзгертілген күні: 26.01.2016 16:51

Бекеттегі бақылау күшейтілді

 

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты, Жамбыл ауданындағы Ақтерек бекетінде қатаң тексеріс. Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінен құралған мобильді топ, апта басынан бері Бішкек күре жолымен ары-бері өткен жүк көліктерін бақылауға алды.

ВИДЕО: Яғни, алып қою тізбесіне қосылған тауарларды бақылау міндеттемесін қабылдап, тауарлардың төмендетілген кедендік әкелім бажы арқылы олардың қозғалысына мониторинг жүргізуде.  Айта кету керек, Алып қою тізбесі 1 347 тауарлық позициядан тұрады. Мұның ішіне ауылшаруашылық өнімі, жеңіл өнеркәсіп, көлік құралдары, т.б. кіреді. Сонымен қатар тізбеге енгізілген тауарларды бақылау мақсатында  тауарға ілеспе құжаттармен рәсімделген Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі пайдаланылады. 

 

http://zhetysutv.kz/news/7385-beketteg-baylau-ksheytld.html

 

https://youtu.be/L8hTNrNt4z4