
Бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану (БЕТД)
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 маусымдағы №53-VII Заңымен Салық кодексінің 444-бабының 2-тармағына мынадай мазмұндағы өзгерістер енгізілді:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылады.
Оларға қатысты бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
БЕТД ҚР сауда және интеграция министрлігі тізбе бойынша белгілейтін импортталған тауарлар бойынша ҚҚС есептеу кезінде құнды белгілеу үшін енгізілген сауда саясатының жаңа құралы.
ЕАЭО елдерінен тасымалданатын жүктердің мониторингі барысында Мемлекеттік кірістер органдары көптеген бұзушылықтарды, оның ішінде әкелінетін тауарлардың құнын төмендетуді анықтайды. Барлық осы фактілер салық базасының төмендеуіне байланысты ҚҚС жоғалтуына әкеліп соғады және адал кәсіпкерлер мен өндірушілердің тең емес бәсекелестік жағдайларына әкеледі.
ЕАЭО елдерінен белгілі бір тауарларға бағалардың ең төменгі деңгейін енгізу әкелінетін тауарлардың құнын төмендету фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады және өзекті салық салынатын базадан ҚҚС алуға мүмкіндік береді.
Мұндай шара отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қорғауға бағытталған. Сондай-ақ, бұл қазақстандық экспортты кемсітетін елдерге қатысты айна шараларын қолдану мүмкіндігі.
Салық кодексінің 444-бабының 2-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі