
"Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет!"
Чектің берілмегені немесе банк картасын қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлаған қазақстандықтар бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне 1000 теңге мөлшерінде сыйақы алатын болады.
"Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет" акциясы аясында азаматтар фискалдық чекті бермеуге қатысты бұзушылықтар және банк картасын қабылдаудан бас тарту туралы хабарлай алады.
Барлық жіберілген өтініштерді Мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады. Фискалды чекті бермеу және банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) алуға болады.