Жарияланған күні: 02.03.2022 16:19
Өзгертілген күні: 02.03.2022 16:12

«Азаматтық бақылау – тексеруді талап ет» жобасы

 

Бюджет кірістерін арттыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары азаматтық қоғамды тарта отырып, бірқатар пилоттық жобаларды жүзеге асыруда.

«Азаматтық бақылау – тексеруді талап ет» жобасы азаматтық қоғамды кірістерін жасыратын азаматтарға мүлдем төзбеушілік танытуға тартуға бағытталған. Бұл жобада Алматы облысының 1415 азаматы қатысып, 55 мың чек жіберілді. 2021 жылдың 20 қазанынан бастап бұл науқан жаңартылды. Бақылау кассалық аппарат фискалдық түбіртегінің берілмеуі немесе төлем карточкалары арқылы төлемді қабылдаудан бас тартуы туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленеді. Бүгінгі таңда 822 хабарлама түсіп, оның 323-іне тиісті шара қолданылды