
Автоәуесқойлар мобильді қосымшасының көмегімен жол сапасын жақсартуға қатыса алады
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тарапынан жүзеге асырылып жаткан «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметі бағыттарының бірі автомобиль жолдарының сапасына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Цифрландырудың қазіргі заманғы үрдістерін назарға ала отырып, жобалық кеңсемен болашақта барлық автоәуесқойларға жол сапасын жақсартуға қатысуға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаның тестілік үлгісі құрылды. Қосымшаның тестілік моделі онлайн режимде қалалық жолдардың сапасын бағалауды қарастырып, деректерді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК-на бере отырып, жол жабынының барлық ақауларын және олардың географиялық координаттарын автоматты түрде тіркейді (смартфондардағы акселерометр және GPS арқылы).
Қосымшаның жұмысын жетілдіру мақсатында, облыс бойынша жолаушыларды тасымалдау көліктерінде бір ай ішінде мобильді қосымшаны тестілеу өткізу жоспарлануда. Мобильді қосымшаны мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады : https://drive.google.com/open?id=1M3VUiSrjBVFRZFQfHmHKAc1SA0yLMId9