Жарияланған күні: 06.05.2016 14:52
Өзгертілген күні: 06.05.2016 15:20

Ардагерлер саябағында мәңгі алауға салтантты гүл шоқтары қою

 

Ағымдағы жылдың 6 мамырда Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орай салтанатты шара өткізді.

         Салтанатты шара ардагерлер саябағында мәңгі алауға салтантты гүл қою рәсімімен басталды. Салтанатты шарада ҰОС ардагерлері, мемлекеттік кірістер органдары ардагерлері, сондай-ақ Департаменттің басшылары мен жеке құрамы қатысты.

         Сонымен қатар, салтанатты шара ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтап, естелік сыйлықтар сыйлаумен жалғасты. Бұған қоса, қызметте жоғарғы көрсеткіш көрсеткен қызметкерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шара Мемлекеттік кірістер органдарына  қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің ант қабылдауымен жалғасты. Олар өз міндеттерін адал орындауға, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға, заңдылық пен әділдік принциптерін сақтауға ант берді.