Жарияланған күні: 07.09.2021 12:35
Өзгертілген күні: 07.09.2021 12:44

Бүгін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық қызметінің үздігі, Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сабирбаева Дина Қалмұратқызына құрмет көрсетілді.

Дина Қалмұратқызы салық қызметінің бастауында тұрды. Қарапайым маманнан бастап басқарма басшысына дейін еңбек жолын өтті.

Департамент басшысы Дынбаев Сырым Амангелдіұлы ардагерге шын жүректен алғысын білдірді. Оның Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, зор денсаулық, отбасына амандық, жаңа бастамаларына табыс тіледі.