Жарияланған күні: 05.04.2021 15:14
Өзгертілген күні: 05.04.2021 15:16

 

Арақтарға және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағасы белгіленді

 

 

«Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2021 жылдың 31 наурызындағы № 187 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.

Осыған сәйкес арақтарға және күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағасы литріне 1 980 теңге мөлшерінде белгіленді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.