Жарияланған күні: 12.09.2019 14:51
Өзгертілген күні: 12.09.2019 14:53

Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

 

 

Баспасөз релизі

 

 

"Алтынкөл"кеден бекетінің қызметкерлері 50 тоннадан астам қауіпті қалдықтарды анықтады

 

2019 жылдың  08-11 қыркүйек аралығында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Алтынкөл" кеден бекетінің «Алтынкөл» өткізу пунктінің қызметкерлері кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында «бұрын тұтынылған автокөлік шиналары» құрықталып, кедендік бақылаудан жасырылған Жапониядан екі жеке тұлғаның атына және алматылық ЖШС-нің бірінің мекен-жайына бағытталған ірі тауар партиясын анықтады.

Аталған факт "Алтынкөл" пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, кедендік бақылау жүргізу барысында анықталды. Тауарға ілеспе құжаттар, кеден органына ұсынылған кедендік рәсімдеу үшін тауарды «бұрын тұтынылған автобөлшектер» деп қарастырылды.

Жүргізілген кедендік тексеру нәтижесінде 3 контейнерден салмағы 52 тоннадан асатын 5 000 бірліктен астам «бұрын тұтынылған автокөлік шиналары» табылды.

«Бұрын тұтынылған автокөлік шиналары» Еуразиялық Экономикалық Одақтың заңнамасына сәйкес қауіпті қалдықтарға жатады, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тиісті рұқсатсыз әкелуге тыйым салынады.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 545 бабы бойынша әкімшілік іс жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған шаралар қабылданатын болады.

 

 

Алматы облысы бойынша МКД