Жарияланған күні: 19.09.2019 18:07
Өзгертілген күні: 19.09.2019 18:08

Алматы облысының Мемлекеттік кірістер органдары салық бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша СҚБ-мен 257 бірлескен іс-шара өткізді.

 

Алматы облысының Мемлекеттік кірістер органдары ағымдағы жылдың 13-17 қыркүйек аралығында жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша сот орындаушыларымен бірлесе отырып 257 ауланы аралау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде әртүрлі санаттар бойынша жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің 216 тізімдемесі жасалды, сипатталған мүліктің бағалау құны – 16 603,4 мың теңгені құрады.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 527,8 мың теңге сомасында бересі өндірілді.

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті