Жарияланған күні: 05.08.2019 15:29
Өзгертілген күні: 05.08.2019 17:19

Алматы облысының мемлекеттік кірістер басқармасының 2019 жылғы 1 жарты жылдық рейтинг көрсеткіштерін орындау бойынша талдау

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер басқармасының 2019ж. 1 жарты жылдық рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша Алматы облысы республика бойынша 8 орынды иеленді.

Рейнтингтік бағалауға сәйкес, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті барлық рейтингтік индикаторлар бойынша мақсатты индикаторларды өткізді. Олардың нәтижелері бойынша  оң жақтарына жағымды, егерде ол қол жеткізілмеген болса теріс ұпайлар берілді. Барлық рейтингтік бағалау 16 индикатор және 38 көрсеткіш бойынша жүргізіледі (бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, артық төлеу, берешек, қашықтықтан бақылау, экспорттық бақылау, шағын бизнес субъектілерін әкімшілендіру, толассыз мониторинг, акциздер, мемлекеттік қызметтер, нөлдік мәндермен берілген салықтық есептілік нысандарын бақылау).

Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары бойынша рейтинг оқылды. Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша бірінші төрт орынға ие болды:

  • Көксу ауданы – 1 орын
  • Ескелді ауданы – 2 орын
  • Панфилов ауданы – 3 орын
  • Жамбыл ауданы – 4 орын.

МКБ бойынша соңғы 4 позицияны:

  • Кеген ауданы - 20 орын
  • Қапшағай қаласы – 19 орын
  • Ақсу ауданы – 18 орын
  • Текелі қаласы – 17 орынды иеленді.