Жарияланған күні: 30.10.2019 20:29
Өзгертілген күні: 30.10.2019 20:30

Алматы облысының мемлекеттік кірістер басқармаларының 2019 жылғы 9 айы бойынша рейтинг көрсеткіштері

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша жүргізген рейтингтік бағалау көрсеткіштерден Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті республика бойынша алдыңғы бағалаумен салыстырғанда 4 позицияға көтеріліп, 5-ші орынды иеленді.

Рейтингтік бағалауға сәйкес, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті рейтингтің барлық көрсеткіштері бойынша мақсатты көрсеткіштерді жеткізді, оларға жеткен кезде оң балл беріледі, жетпеген жағдайда – теріс балл беріледі.

Рейтингтік бағалау индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, артық төлеу, берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, қашықтықтан бақылау, экспорттық бақылау, шағын бизнес субъектілеріне әкімшілік ету, толассыз мониторинг, мемлекеттік қызметтер және басқалар.

Департаментте өткен алқа отырысында аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары бойынша рейтинг жүргізілді.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алғашқы төрт орынды келесі МКБ иеленді:

  • Көксу ауданы – 1 орын;
  • Жамбыл ауданы – 2 орын;
  • Қарасай ауданы – 3 орын;
  • Еңбекшіқазақ  ауданы – 4 орын.

МКБ бойынша соңғы 4 позицияны:

  • Текелі ауданы - 20 орын;
  • Кеген қаласы – 19 орын;
  • Талдықорған қаласы– 18 орын;
  • Қаратал  ауданы – 17 орынды иеленді.