Жарияланған күні: 03.11.2020 18:26
Өзгертілген күні: 03.11.2020 18:27

Алматы облысында 2020 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті

 

Алматы облысында 2020 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2020 жылдың 3 қарашасында 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Кеңес онлайн режимінде өткізілді. Мәжілісті Департамент басшысы С.А.Дынбаев ашып, алқа отырысының күн тәртібін жариялады, қатысушыларға ҚР ҚМ МКК және ҚР ҚМ Алқасының соңғы отырысының нәтижелерін жеткізді, ҚР ҚМ МКК хаттамалық нұсқауларына тоқталды.

Департаменттің алқа мәжілісінде басшының орынбасарлары Л.С. Айтахунова және А. Т. Сауданбеков баяндамалар жасады.

Отырысқа Департаменттің мамандандырылған басқармаларының және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша МКД 84 көрсеткіш бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін рейтингтік бағалауда республика бойынша алтыншы орынға ие болды.

Алқа отырысы барысында бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және қосымша резервтерді анықтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау туралы, салықтық әкімшілендіру қызметінің қорытындылары, сыбайлас жемқорлық ахуалының жай-күйі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жақсарту жөніндегі шаралар туралы баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ өткен алқаларда берілген тапсырмаларды орындау және жылдың соңына дейін жоспарланған іс-шаралар бойынша МКБ басшыларының есептері тыңдалды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Департамент басшысы С.А.Дынбаев бюджетті атқару, электрондық түрдегі қызметтер үлесін арттыру, онлайн БКМ тіркеу, қосымша резервтерді іздестіруді ұлғайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

 

Алматы облысы бойынша МКД 

Түсіндіру жұмысы басқармасы