Жарияланған күні: 26.08.2020 17:23
Өзгертілген күні: 26.08.2020 17:24

Алматы облысы бойынша МКД ұсталған тауарларды Денсаулық сақтау басқармасына тапсырды

2020 жылдың 25 тамызында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына жалпы салмағы 109 килограмм болатын, оның ішінде 23 560 дана медициналық маскалар, 24 дана дистанциялық термометрлер және 20 дана қорғаныш костюмдері сияқты жеке қорғаныш құралдарын берді.

Бұған дейін аталған медициналық құралдарды Департаменттің кеден бекеттерінің қызметкерлері ҚХР-дан ЕАЭО аумағына заңсыз әкелу кезінде кедендік бақылау жүргізу барысында ұстаған болатын.

 

 

Алматы облысы бойынша МКД КББ КӘБ

Бақытұлы Бауржан

Байланыс деректері 87079892301