Жарияланған күні: 18.11.2020 17:00
Өзгертілген күні: 18.11.2020 17:01

Алматы облысы бойынша МКД-де жеке тұлғалардың қарызын азайту бойынша бірлескен шараларды талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті

 

18 қарашада Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, әділет Департаменті, Алматы облысының ЖП әкімшілік полиция департаменті және прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік кірістер органдарының жеке тұлғалардан салық берешегін өндіріп алу бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Л.Айтахунова дөңгелек үстелге қатысушыларға жеке тұлғалардың берешегін өтеудің проблемалық мәселелерін ұсынды, қазіргі уақытта 269 мың жеке тұлғаның салықтық берешегі бар және облыс бойынша үш миллиард теңгеден астам соманы құрайды.

Салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң 1 еселенген АЕК-тен астам мөлшерінде салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда салық органы берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.

Жеке тұлға салық берешегін өтемеген кезде салық органы Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына салық бұйрығын жібереді.

Дөңгелек үстелде полиция органдарының техникалық құралдарын қолдана отырып, көлік салығын қасақана төлемейтіндерді іздеу, орындалған салық бұйрықтарын ЖСО-мен салыстыру бойынша жұмысты жалғастыру шешілді, жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында барлық мүдделі тұлғалармен ортақ чат құру көзделді.

Жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органдары мәжбүрлеп орындату үшін ЖСО-ға 60 мыңнан астам салық бұйрықтары берілді. Жыл соңына дейін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 271 мың салық бұйрығы берілетін болады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша департамент басшысы С. А. Дынбаев бюджетті толықтыру және жеке тұлғалардың салық берешегін азайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін барлық уәкілетті органдардың бірлескен күш-жігері қажет екенін атап өтті.