Жарияланған күні: 19.10.2020 18:10
Өзгертілген күні: 19.10.2020 18:11

Алматы облысы бойынша МКД баспасөз-мәслихатын өткізді

        2020 жылдың 19 қазанында сағат 15:00-де "Jetisy`media" алаңында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұйымдастыруымен «Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымына қарсы күрес» және «Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті.
        Спикер Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Айдын Тұрғанбекұлы Сауданбеков Заңсыз алкоголь өнімін және құрамында спирт бар сұйықтықты анықтау жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы және  салықтық рақымшылықтың мүмкіндіктері туралы түсіндіріп өтті.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь, темекі өнімдері мен мұнай өнімдерінің заңсыз өндірісі мен айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында, Алматы облысы бойынша МКД және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларымен осы саладағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде тексеру іс-шараларын жүргізеді.

Осы бағыт бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу үшін ЭТД және облыстық ІІД-мен іс-шаралар жоспары бекітілген.

 Алматы облысының аумағында 5 литрлік пластикалық бөтелкелерде немесе "колхозка" деп аталатын құрамында спирт бар сұйықтықтың саудасына ерекше назар аударылады.

Ағымдағы жылдың өткен 10 айында мемлекеттік кірістер органдары 80 тексеру жүргізді, олардың нәтижелері бойынша облыстың барлық аумағында алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы анықталды, онда заңсыз айналымнан 29 089 литр өнім, оның ішінде 15 172 литр құрамында спирті бар сұйықтық және 13 920 алкоголь өнімі тәркіленді. Осы фактілер бойынша тексеру материалдары сот органдарына қарауға берілді, барлық салық төлеушілер бойынша 1 млн. 235 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынып, алкоголь өнімі мен құрамында спирті бар сұйықтықты тәркілеу туралы сот қаулылары шығарылды.

Алкоголь өнімінен басқа 10 айда 34,0 мыңнан астам темекі өнімдері және 418 тонна мұнай өнімдері анықталып, айналымнан алынды.

Мәселен, Алматы облысы бойынша ЭТД - мен бірлесіп тексеру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы-Бішкек тас жолында жалпы көлемі 13 тонна құрамында спирті бар сұйықтық қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз тасымалдаған жүк автокөлік құралдары (бензин тасушылар) ұсталды.

Сонымен қатар, тексеру жүргізу барысында Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп Алматы-Қапшағай тас жолында Талдықорған қаласына 1000 дана көлемінде 5 литрлік пластикалық бөтелкесі бар, құрамында 5 000 литр спирт бар сұйықтық болған Mercedes маркалы жүк көлігі ұсталды.

Іле ауданында тексеру іс-шараларын жүргізу барысында рұқсат құжаттарынсыз 18 тоннадан астам мұнай өнімдерін сату фактісі анықталды.

Ұқсас фактілер:

- Іле ауданында-500л. астам спирт бар сұйықтық, 21,9 мың дана темекі;

- Талғар ауданы-1,1 мың Л. астам алкоголь өнімі мен 2,0 мың дана темекі;

- Еңбекшіқазақ ауданы-1,0 мың Л. астам алкоголь өнімі және 10,0 мың дана темекі;

Алкоголь өнімінің және құрамында спирт бар сұйықтықтың заңсыз айналымы мемлекетке және алкоголь өнімінің айналымын заңды жүзеге асыратын бизнестің субъектілеріне елеулі залал келтіреді.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні еске салады. Салықтық рақымшылық 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.⠀
Салық бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың жинақталған өсімпұлдары есептен шығарылады.
Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.⠀
Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.⠀
     14.10.2020ж. жағдайға 22 918 жеке тұлғаның  негізгі берешек сомасы 312,1 млн теңгені төлеуіне байланысты 43,2 млн теңге өсімпұл сомасы есептен шығарылды.

Салықтық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.⠀

2020 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Барлық сұрақтар бойынша 8/7282/601197 немесе 1414 Call-орталығына қоңырау шалуыңызға болады.