Жарияланған күні: 14.03.2022 12:03
Өзгертілген күні: 14.03.2022 12:12

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.А. Баймулдинов "Нұр-жолы" кеден бекетінің ұжымымен кездесті

 

 

2022 жылғы 10-11 наурызда "Нұр-жолы" кеден бекетіне жұмыс сапары барысында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Н.А.Баймулдинов кеден бекетінің ұжымымен кездесіп, кеңес өткізді, онда қызметтік әдеп нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау бойынша түсініктемелер берілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл Н.А.Баймулдинов сонымен қатар кеден бекетінің қызметкерлеріне қабылдау өткізді, олар сұрақтар қойып, ұсыныстарымен бөлісті.