
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды
2020 жылдың 28 сәуірінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Шылбынұлы Тұяқов Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Сырым Амангелдіұлы Дынбаевты таныстырды.
Дынбаев Сырым Амангелдіұлы, 1972 жылы туған, еңбек жолын 1993 жылы Алматы кеденінің "Бұрындай" кеден бекетінің инспекторы болып бастады. Кеден органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2018 жылдың 26 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмыс атқарды.
2020 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылдың 28 сәуіріндегі № 421-ЖК бұйрығымен Дынбаев Сырым Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.