
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен алмалы тізімге жататын тауарлардың орын ауыстыруын бақылау шаралары жалғасын табуда
Алматы облысы мемлекеттік кірістер департаментінің жедел әрекетті тобымен Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлескен шаралар жобасы шеңберінде облыстық автожолдарда, соның ішінде бекет - шекараларда акцизделетін тауарларды заңсыз тасымалдауды анықтау, сонымен қатар алмалы тізімге жататын тауарлардың орын ауыстыруын бақылау шаралары жалғасын табуда.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде ағымдағы жылдың 15 тамызында көлемі 35,1 тонна дизельді отын жалған ілеспе жүкқұжатпен тасымалдау фактісі анықталды. Заңсыз тасымалданған мұнайөнімдерінің құны шамамен бес миллион теңгені құрады. Осы фактінің қылмыс жасау нышаны, ҚР Қылмыстық кодекстің 197 бабымен көрсетілгендей Департаменттің экономикалық тергеу қызметіне тапсырылды. Қазіргі уақытта іс-құжат СТБТ-не (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімі) тіркеліп, есепке алынбаған мұнайөнімдерінің пайда болуының деректемелерін анықтау шаралары жүргізілуде.