
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 228,0 млрд. теңгеден астам түсімді қамтамасыз етті
Бірыңғай тиімділігі жоғары экономикалық қызметті құру мақсатында 5 жыл бұрын "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитеті біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті болып қайта ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні облыстық Департамент құрылымына 20 аумақтық басқарма, "Достық" кедені, "Алтынкөл", "Нұр жолы" және "Талдықорған" кеден бекеттері кіреді.
Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті - салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
"100 нақты қадам" Ұлт Жоспарында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты 9 нақты қадам белгіленген,оның ішінде 4 салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған.
Егер 2015 жылы мемлекеттік бюджетке 253,4 млрд.теңге жиналса, бүгінгі күні 2019 жылдың І жартыжылдығында 228,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджетке 126,8 млрд. теңге және жергілікті бюджетке 101,6 млрд. теңге түсім қамтамасыз етілді.
2019 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар 103,8% - ға орындалды және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің 32,3% - ға немесе 55,7 млрд .теңгеге артық өсуі қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылы кедендік төлемдердің өсуі 36,8 млрд.теңгеге немесе 302,8% қамтамасыз етілді (нақты 01.08.2018 ж. - 17,6 млрд. теңге, нақты 01.08.2019 ж. -53,4 млрд. теңге).
Есепті кезеңде 816 салықтық тексеру жүргізіліп, 3 651,6 млн.теңге қосымша есептелген.
Автоматтандырылған және қолмен камералдық бақылау шеңберінде 13 638,6 млн.теңге сомаға 2 247 хабарлама шығарылды.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау мақсатында 70 284 бөтелке алкоголь өнімі, 182 200 дана темекі өнімдері (9 100 қорап) алынды, оған 12,2 млн. теңге айыппұл салынды.
Мемлекеттік кірістер органдары 45 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде 28 – салық бағыты бойынша және 17 – кеден бағыты бойынша.
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді және Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың өзектілігін ескере отырып, біз электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударамыз, 874 330 мемлекеттік қызметтің жалпы санынан 776 085 немесе 88,5% электрондық нысанда берілді.
Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті түрде қолдану енгізілуіне байланысты 2015 жылдың шілдесінен бастап деректерді беруді тіркеу функциясы бар бақылау-кассалық машиналарға көшу басталды. БКМ-ге көшу 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс. Бүгінгі күні 22 261 салық төлеуші 633 қызмет түрі бойынша онлайн-БКМ көшті. Жалпы алғанда онлайн-БКМ қамту үлесі ҰЖ жалпы санының 70,9% - ын құрады.
Евразиялық экономика одағының мүше мемлекеттермен 2019 жылдың 1 жартыжылдығында импорттық операциялар жүргізілді:
- Ресей Федерациясымен - 427 салық төлеуші (77,8%);
- Қырғыз Республикасымен - 53 салық төлеуші (9,6%);
- Беларусь Республикасымен - 68 салық төлеуші (12,4%);
- Армения Республикасымен - 1 салық төлеуші (0,1%)
2019 жылдың 1 жартыжылдығында өткен кезеңінде жүргізілген камералдық бақылау, есептілікті және электронды шот фактураны уақтылы ұсынбаған, қосылған құн салығың уақтылы төлемеген, көшірмесіне жол берген салық төлеушілерді өңдеу есебінен 84 693,2 мың теңге сомаға қосымша резервтер қамтамасыз етілді.
Алматы облысы Жамбыл ауданы мен Алматы қаласы аумағында қырғыз арқылы Қытайдан импортталған тауарларды ұстау, сондай-ақ Евразиялық экономика одағы елдерінен әкелінетін тауарлардың нақты көлемі мен ассортиментін белгілеу бойынша бірлескен бақылау іс-шаралары ұйымдастырылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жалпы сомасы 29,2 млн.теңгеге тауарлар бар 4 жүк автомобилін заңсыз импорттауға күдікті ретінде ұсталды, олар бойынша материалдар Алматы облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді.
156 202 транзиттік декларация ресімделді, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 24,3% - ға артық.
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған көлік құралдарының саны 151 857 бірлікті құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 21,5% артты.
Кедендік бақылау нәтижелері бойынша кедендік транзит рәсімі бойынша 9 қылмыстық құқық бұзушылық және 62,9 млн.теңге айыппұл сомасына 397 әкімшілік іс анықталды.
Тауарларға ресімделген декларациялардың жалпы саны 13 804 құрады, өткен жылмен салыстырғанда ТД ресімделген көлемі 2,4 есеге артты.
ИМ-40 процедурасы бойынша ресімделген тауарлардың жалпы салмағы есепті кезеңде 426,045 мың тоннаны құрады немесе 2,4 есеге өсті.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Тәуекелдерді басқаруды бақылау жүйесі (ИМ-40) ұсынымы бойынша кедендік тексеру жүргізілген тауарларға арналған декларациялар саны 2 982 құрады, 2 599 құқық бұзушылықтар анықталды, анықталу үлесі (тексеру тиімділігі) 87,2% құрады (2018 жылдың 1 жартыжылдығында -1087 ДТ , құқық бұзушылықтар – 151, анықталу үлесі - 14,0% құрады).
Инспекциялық тексеріп қарау комплексі арқылы сканерленген көлік құралдарының жалпы саны 111 016 бірлікті құрады, бұл ретте 764 құқық бұзушылық анықталды, олар бойынша 159,7 млн.теңге қосымша есептеудің жалпы сомасы, 41,2 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды, анықтау үлесі (тексеру тиімділігі) 61,8%.
Департаменттің кеден бекеттерін өткізу пункттері арқылы 1 112 644 жеке тұлға кедендік шекарадан өтті. 191,5 млн. теңге сомасына кедендік төлемдер өндірілді,бұл өткен жылға қарағанда 163,8 млн. теңгеге артық.
Салық бойынша берешекті азайту мәселесі ерекше бақылауда. Мәселен, 01.07.2019 ж. берешек 9 491 млн. теңгені құрады, бұл ретте тоқсан басымен оның 5 105 млн. теңгеге төмендеуі қамтамасыз етілді.
01.07.2019 ж. жағдай бойынша салықтар бойынша бересі 6 410 млн. теңгені құрады, адымғы жылдың 2 тоқсан басталысымен 4 341 млн. теңгеге төмендеді.
Бересі 741 млн.теңге сомасында ақшалай қаражатпен өндіріп алу, дебиторлар есебінен 171,0 млн. теңге, аукционда мүлікті сату 43,3 млн. теңге және банкрот деп тану арқылы 4 222,5 млн. теңге сомаға төмендеді.
Департамент облыстың салық базасына талдау жүргізді. Осыған байланысты 2019 жылға арналған Алматы облысының жергілікті бюджетіне түсетін қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, ол 09.07.2019 ж.Алматы облысының әкімі А. Г. Баталовпен бекітілген, ол бойынша жұмыс нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы уақытта да мемлекеттік бюджет жоспарын орындау бойынша қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін тиімді салықтық және кедендік бақылаудың барлық шараларын қолданады.
Алматы облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
басшысы Төлеген Қапсалықұлы Сарсембаев