Жарияланған күні: 19.04.2016 18:33
Өзгертілген күні: 19.04.2016 18:35

       Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Наурыз мейрамын тойлап өтті

 

Сәуірдің  16 күні «Жетісу» орталық стадионында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Облыстық прокуратура мен облыстық сотымен бірлесе отырып Наурыз мейрамын тойлап өтті.

Сыйлы қонақтар санында Алматы облысының әкімі А.Баталов, облыстық маслихат басшысы С.Мұқанов, салық және қаржы қызметінің ардагерлері болды. 

Құттықтау сөзінде, облыс әкімі келген қонақтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, баршаға мықты денсаулық, бахыт, өсу мен өркендеуді тіледі.

Облыс басшысы «Биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы Ұлыс күні барлық қазақстандықтар үшін Президентіміздің салмақты саясатының арқасында қол жеткізген табыстармен, оңды өзгерістермен астасып жатыр. Көне мереке бүгінгі өмірімізбен біте қайнасып, жаңа бастамалардың, достық пен ынтымақтың іргетасына айналды»- деді.

Жиналған жұртшылық  «Бет ашар», «Қыз қуу», «Тұсау кесү», «Бесікке бала бөлеу»  ұлттық дәстүрлердің театралдық қойылыстарына  ерекше қызушылық танытты.

Ұйымдастырушылар спорттық жарыстарға да көңіл бөлді.

Ерлер гір көтеру, армреслинг пен арқан тарту жарыстарында күш сынады. Балалар үшін арнайы «Папа, мама,я-спортивная семья» деген жарыс өткізілді. 

Наурыз мейрамының басты дәмі-Наурыз көжесіз қандай мейрам?

Барлық қонақтар әдемі безендірілген қазақ үйлерінде мерекелік дастарханнан дәм тартты.   

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы барлық қазақстандықтарды  ұлыстың ұлы күнәмен шын жүректен құттықтайды!