Жарияланған күні: 30.01.2020 16:16
Өзгертілген күні: 30.01.2020 16:17

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметкерлерге 230.00 нысан бойынша табыс декларациясын тапсыру қажеттігі туралы ескертеді

 

Мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаның міндеттерінің бірі тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына табысы және оған тиесілі мүлкі туралы декларацияны ұсыну болып табылады. Декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Мәселен, 2019 жылғы декларацияны 2020 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсыну қажет.

Салық кодексінің 363-бабының 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00-нысан), Қазақстан Республикасы парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар, жүктелген міндеті бойынша декларация мен Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау Туралы", ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Туралы" заңына сәйкес ұсынады.

Бұдан басқа, осы декларацияны жыл сайын мемлекеттік лауазым атқаратын адамның жұбайы (зайыбы) табыс етуге міндетті. Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейін үш жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсырады.

Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан) және есептелген салық міндеттемесі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01-ден 230.02-ге дейінгі нысандар) тұрады.

 

230.01- Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайы (зайыбы) табыс ететін мәліметтер

230.02- Мемлекеттік лауазымдағы қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ өзге де санаттағы жеке тұлғалар табыс ететін мәліметтер

230.03-шетелдік көздерден алынған кірістер, төленген шетелдік салық және есепке жатқызу сомасы

230.04-бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық табысына салық салу.

230.00 декларация нысаны мен оны толтыру ережелері ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында орналастырылған  "ҚР Заңнамасы" бөлімінде — "Салық есептілігі нысандары" — "2019 жыл СЕН" — "Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық" — "230.00-нысан".

Декларацияларды электрондық түрде ұсыну үшін мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚО) жүгіну арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны алуы қажет.

"Салық төлеушінің кабинеті" WEB-қосымшасы https://cabinet.salyk.kz/sonowebinfo/, 230.00 СЕН тапсыру үшін жеке сервер ашылды, ол 230.00 СЕН толтыру және салық төлеушілерге жөнелту жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді.

31 наурызды күтпестен, декларацияны алдын ала ұсыну ұсынылады, өйткені салық есептілігін тапсырудың соңғы күндері ақпараттық жүйелердің серверіне түсетін жүктеме пайда болады, ол пайдаланушылардың декларацияны ұсыну процесін едәуір қиындатады.

 

Алматы облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы басқармасы