Жарияланған күні: 26.09.2019 15:34
Өзгертілген күні: 26.09.2019 15:44

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 27 топтағы тауарларды уақытша кедендік декларациялауды қолдану мәселесіне және Астана-1 АЖ ТД толтыру ерекшеліктеріне қатысты мыналарды түсіндіреді:

Уақытша кедендік декларациялау туралы сұрақтар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 189-бабына сәйкес реттеледі. Аталған бапқа сәйкес тауарларға уақытша кедендік декларациялауға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізу;

2) оларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы нақты мәліметтер ұсынылуы мүмкін емес тауарларға қолданылады.

Уақытша кедендік декларациялауды қолдана отырып ТД толтырған кезінде ТД 7-бағанында " ВТД " көрсетіледі. Сондай-ақ, тауарларға арналған уақытша декларацияда кейбір мәліметтер (тауарлардың саны мен кедендік құны, көлік құралдары туралы) болжамды деректерді негізге ала отырып көрсетілуі мүмкін. Яғни, 18, 21, 22, 42, 44, 45, 35, 38 бағандар толық емес толтырылуы мүмкін. Сонымен қатар, кедендік декларацияны беру сәтінде мұндай мәліметтер белгілі болмаса, уақытша кедендік декларациялау кезінде көлік құралдары туралы мәліметтер мүлдем көрсетілмейді.

Өткізілген тауарлардың саны тауарларға арналған уақытша декларацияда мәлімделген мөлшерден аспауы тиіс.

Құбыржол көлігі бойынша өткізілетін тауарларды әкелу/әкету/транзит және кедендік декларациялау ерекшеліктері Кодекстің 373, 374, 377- баптарымен регламенттеледі.

Кодекстің 375-бабына сәйкес құбыржол көлігімен өткізілген тауарларды кедендік декларациялау кезінде есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады.

Тауарларға уақытша декларацияны кеден органдары жеткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын қабылдайды.

Осы бапқа сәйкес тауарларды жеткізгеннен кейін декларант тауарларға толық декларация беруге міндетті. Тауарларға толық декларация беру тауарларға уақытша декларацияда мәлімделген тауарларды жеткізу кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Декларанттың дәлелді өтініші бойынша толық декларацияны беру мерзімін кеден органы жеткізуді аяқтау үшін қажетті мерзімге, бірақ қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.