Жарияланған күні: 04.08.2022 14:37
Өзгертілген күні: 04.08.2022 14:38

Ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынады

 

ҚР ИИДМ 2022 жылғы 7 маусымдағы №322 бұйрығымен ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (СЭҚ ТН кодтары 4401, 4403, 4404, 4406, 4407), шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан 2022 жылғы 8 маусымнан бастап 6 ай мерзімге әкетуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарын әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден ЕАЭО-ға кірмейтін мемлекеттерге транзитке тыйым салынғанын хабарлаймыз.

Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ағаш материалдарының транзитіне (Қырғызстан үшін бөлінген квоталар шегінде) Қырғызстан мен Ресей Федерациясының кәсіпорындары арасында контрактілер, инвойстар және Қырғыз Республикасына ағаш материалдарын жеткізу туралы басқа да растайтын құжаттар болған кезде рұқсат етіледі.