Жарияланған күні: 17.08.2022 10:51
Өзгертілген күні: 17.08.2022 10:52

Ағаш материалдары бар 116 вагонды әкету фактісінің жолы кесілді

 

Ағымдағы жылдың 6-10 тамыз аралығында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл жол» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан Қытай Халық Республикасына барған "экспорт" кедендік рәсіміне орналастырылған "бөренелер", "қайыңнан бөренелер" тауарлары бар 116 вагонды әкету фактісінің жолын кесті.

Аталған тауарларға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы №322 бұйрығына сәйкес, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан 6 ай мерзімге әкетуге тыйым салынды.

Бұл ретте өңделмеген кругляк орманы (СЭҚ ТН 4403) Ресей Федерациясының аумағынан Ресей Федерациясының Финляндиямен және КХДР-мен мемлекеттік шекарасында орналасқан екі теміржол өткізу пункті (Люття және Хасан) арқылы ғана әкетілуі мүмкін екендігі анықталды.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарын әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден ЕАЭО-ға кірмейтін мемлекеттерге транзитке тыйым салынады. Бұл ретте аталған тауарлар Ресей Федерациясының аумағына кері қайтарылатын болады.

Осыған байланысты, шекараларда кідіріп қалуға жол бермеу мақсатында СЭҚ қатысушыларын кеден заңнамасын, сондай-ақ ЕАЭО аумағынан да, одан тыс жерлерге де тауарларды әкелу және әкету кезінде тыйым салулар мен шектеулерді мүлтіксіз сақтауға шақырамыз.