Жарияланған күні: 03.07.2017 18:57
Өзгертілген күні: 03.07.2017 18:58

3.07.2017 ж., Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҚМ МКК-мен әзірленген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Заң жобасын түсіндіру мақсатында семинар өткізді. Іс-шараға жеке тұлғалар, сот орындаушылар, екінші деңгейдегі банктер мен  БАҚ өкілдері қатысты.
Семинарды Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Таукен Ошақбаев ашты. Семинар жұмысына Қаржы минстрлігінің өкілдері – ҚР ҚМ МКК Борыштармен жұмыс басқармасының басшысы Уалиева Айгуль Бекишовна, Борыштармен жұмыс басқарма басшысының орынбасары Мотовилова Елена Юрьевна және ҚР ҚМ МКК Борыштармен жұмыс басқармасының эксперті Сисембаева Меруерт Қабдырашитқызы қатысты.

Мемлекеттік кірістер Комитетінің сарапшылары  бірнеше этаптан тұратын банкроттық рәсімі туралы жете түсіндіріп айтты.

Егер борышкер қаржы міндеттемелерін өз бетімен кредиторлар алдында өтей алмаса, ол мемлекеттік кірістер басқармаларына арызбен жүгінуге тиісті. Бірақ, ол өзінің мүлкі, кірісі туралы мәліметті толық ашып көрсетуіне міндеттеме алуға тиіс. Борышкер әртүрлі қаржылық қылмыс түрлері үшін сотталмаған және жеке кәсіпкер болмау керектігін ескеру керек. Борышкер туралы ақпарат тексерілгеннен кейін дағдарыстан шығу жоспары әзірленеді. Егер де жеке тұлғаның кірісі тұрақты және үнемі болған жағдайда, кредиторлар өз жағынан қарсылық білдірмесе, борышкердің мүмкіндігіне қарай қарыздың төлем шарты қайта қаралады. Екі жақтың келісімен борышкерді сот орындаушылары мен коллекторлар мазаламайды.

Егер де борышкер қайта құру жоспарға сәйкес қарызын өтей алмаса, оның мүлігі электрондық аукцион арқылы сатылады. Мұнда кредиторларға тыйым салынған мүлік тізіміне кірген заттарды: азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, балаларға арналған заттар немесе жеке марапаттауларды алуға болмайды. Сатылымнан түскен қаржы құралдары мына кезектілікте: алиметтер, банк, бюджет алдындағы қарыздарды, содан кейін қалғандарын өтеуге жұмсалады.
Егер де қаржы кредиторлардың басқа бөлігіне жетпей қалғанда, алайда борышкер ұқыпты жауапкершілігі жоғары болған жағдайда, оның барлық қарыздары есептен шығарылады.
Жеке тұлғалардың оңалту рәсімі мүлікті міндетті түрде декларациялаумен бірге 2020 жылы еңзізілуі мүмкін.