
2022 жылғы 15 тамызда декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады
Құрметті салық төлеушілер!
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 15 тамызда айлық, тоқсандық, жартыжылдық салық есептіліктерінің келесі нысандарын тапсыру мерзімі аяқталады: 101.03, 101.04, 200.00, 300.00, 400.00, 421.00, 500.00, 510.00, 560.00, 570.00, 590.00, 710.00, 860.00, 870.00, 910.00, 913.00.
Бұл ретте, ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.