
2021 жылы Бірыңғай жер салығы
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығында (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы Алматы облысы үшін жайылымның шекті алаңының мөлшерінен 5000 га, суармалы жерді қоса алғанда 500 га аспауға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығында әртүрлі аумақтық аймақтарда орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтар үшін белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс.
Бірыңғай жер салығын есептеуді салық төлеуші есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің мынадай түрлерін төлеушілер болып табылмайды:
1) шаруа немесе фермер қожалығының қызметінен алынатын кірістерден алынатын жеке табыс салығы, оның ішінде осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметке байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістер;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша – жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, осы жер учаскелері бойынша жүргізіледі;
3) көлік құралдарына салынатын салықты – осы Кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектілері бойынша;
4) мүлік салығы – осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша;
5) әлеуметтік салық – осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша;
6) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыдан құралады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, осындай салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық есептілігін ұсыну, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бірыңғай жер салығын, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген сомалар – ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде;
2) салық кезеңінің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомалар – есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша бюджетке жүргізіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомалары және әлеуметтік төлемдер көрсетіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомалары және әлеуметтік төлемдер көрсетіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін Декларация есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 57-4-бабына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын төлеуден босатылады.