Жарияланған күні: 18.02.2021 09:33
Өзгертілген күні: 18.02.2021 09:35

2021 жылдың 16 ақпанында Талдықорған қаласында кәсіпкерлер тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) шығару бойынша пилоттық жобаға қатысты флешмоб өткізді.
2021 жылғы 17 ақпанда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында салық төлеушілермен флешмобтың бастамашысы - "үй жанындағы дүкендердің" иелерімен кездесті. Кездесуде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын шығару бойынша пилоттық жобаны енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесуге бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер, Кәсіпкерлер Палатасы және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.