Жарияланған күні: 20.01.2021 15:55
Өзгертілген күні: 20.01.2021 15:56

2021 жылдың 20 қаңтарында сағат 11:00-ден 11:30-ға дейін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі мәселелерге арналған» ZOOM бағдарламасында бейнеконференция өткізді.
Сондай-ақ,облыс тұрғындарына Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті әр сәрсенбіде сағат 11.00-ден 11.30-ға дейін ZOOM бағдарламасында бейнеконференция арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша "сұрақ-жауап" форматында түсіндіру жүргізетінін хабарлаймыз.
Конференция идентификаторы «7464535897», қол жеткізу коды «123456»
Сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау бойынша туындаған сұрақтар бойынша 8(7282) 60-11-97 телефоны бойынша хабарласуға болады.